09.03.2024, 21:30

Геннадий Головкин қазақ боксшыларын қолдау үшін шетел асты

Фото: ҰОК

Бұл Геннадий Головкиннің ҚР ҰОК президенті қызметіне сайланғалы бергі алғашқы ресми сапары.

Ұлттық олимпиада комитетінің президенті Геннадий Головкин бокстан лицензиялық турнир өтіп жатқан Бусто-Арсициоға (Италия) барды, - деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. Аталған сында 2024 жылғы Олимпиада ойындарына барлық салмақта лицензия ойнатылып жатыр. Турнирде ерлер мен әйелдер командасы бақ сынауда. ҰОК басшысы шешуші жекпе-жектер кезінде қазақстандық боксшыларға қолдау көрсетеді. Бұл Геннадий Головкиннің ҚР ҰОК президенті қызметіне сайланғалы бергі алғашқы ресми сапары. Айта кетелік, бүгін, 9 наурыз күні үш қазақстандық боксшы шаршы алаңға шығады. Валентина Хальзова ширек финалға жолдама алып үлгерді, ал Наталья Богданова мен Айбек Оралбай 1/8 айналымда сынға түседі.