Ағымдағы сағатта республикалық маңызы бар автожолдарда 265 бірлік техника және 285 адам жұмылдырылды.
10 наурыз, сағат 08.00-дегі жағдай бойынша ауа-райының қолайсыздығына байланысты 3 облыста республикалық маңызы бар 4 автожолда көлік қозғалысына шектеу енгізілді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Қарағанды облысында жалпы ұзындығы 118 км 1 автожол.(Ұлытау облысында ауа райының нашарлауына байланысты)
1. "Қызылорда-Павлодар" - Ұлытау обл.шек-Топар к. (автокөліктің барлық түрлері үшін).
Қостанай облысында жалпы ұзындығы 83 км 1 автожол. (Ұлытау облысында ауа райының нашарлауына байланысты)
1. "Жезқазған-Петропавл" - Ұлытау обл.шек-Арқалық қ. (автокөліктің барлық түрлері үшін).
Ұлытау облысында жалпы ұзындығы 543 км болатын 2 автожол. (нөлден төмен температурадағы жаңбыр, көктайғақ)
1. "Жезқазған-Петропавл" - Жезді а-Қостанай обл.шек.
2. "Қызылорда - Павлодар" -Жезқазған қ.-Қарағанды обл.шек.(автокөліктің барлық түрлері үшін)
Республикалық маңызы бар автожолдардың бүкіл желісі бойынша шектеу 744 км-ге немесе бүкіл желінің 2,98%-на қолданылады.
Ағымдағы сағатта республикалық маңызы бар автожолдарда 265 бірлік техника және 285 адам жұмылдырылды.