Құтқарушылар 4 адамды Қалбатау ауылына жеткізді.
"Алматы-Өскемен" Республикалық маңызы бар автожолында жеңіл автокөлік бұзылып, 4 адам жолда қалып қойған, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Бүгін таңғы сағ.6-да 112 пультіне "Алматы-Өскемен" Республикалық маңызы бар автожолында жеңіл автокөліктің бұзылғаны және адамдарды эвакуациялау талап етілетіні туралы хабарлама келіп түсті. Шақыру орнына келгеннен кейін жедел-құтқару жасағының қызметкерлері ақаулы жеңіл автокөліктен 4 адамды құтқарып, Қалбатау ауылына жеткізді.
Төтенше жағдайлар министрлігінің мәлімдеуінше, медициналық көмек қажет болмады.