$ 444.14  477.05  4.85

Қымбат Досжан: Жәнібекке қатысты теріс ақпарат қаптап кетті

Instagram парақшасында соңғы күндері Жәнібекке қатысты теріс ақпараттың көбейіп кеткенін айта келе тележурналист дәл қазіргі кездегі нақты жағдаймен бөлісті.

Фото: www.instagram.kymbatdoszhan
Фото: www.instagram.kymbatdoszhan

Танымал тележурналист, «Бармысың бауырым» бағдарламасының жүргізушісі, Жәнібек Савельевтің заңды өкілі Қымбат Досжан Жәнібекке қатысты жазбамен бөлісті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

 

Instagram парақшасында соңғы күндері Жәнібекке қатысты теріс ақпараттың көбейіп кеткенін айта келе тележурналист дәл қазіргі кездегі нақты жағдаймен бөлісті.

Біріншіден, Анасы әлі табылмады (әзірге дейік), Әкесі жайлы да ешқандай ақпарат жоқ. Болжамды әкесі деп жұртты дүрліктірген ер адаммен біз 5 қаңтарда сөйлесіп, зерттеп, әкесі емес екенін бірден түсіндік. Басқа телеарнаға барып,тест тапсырып, эфирге қатысып жүргені бізге түсініксіз, өзіне аян болар.

«Бармысың, бауырым?» редакциясы журналистік зерттеу жұмысын толық атқарып шықты. Құжат бермей, аты-жөнін өтірік айтып, қолхат жазып, Жәнібек деген ұлын тастап кеткен әйелді — ресми құжаттар бойынша Жәнібектің анасы деп жазылған әйелді біз желтоқсанда таптық.

Бельгиялық әйелдің Арқалыққа келіп, бәленбай мың еуро санап бердім деген кісіні де білеміз.

Тергеп-тексеру ісі жүріп жатыр, ол құқық қорғау органдардың қолында. Күні бүгінге дейін 28 әйел, 1 ер кісі анализ тапсырды. Нәтиже 0%. Тағы да болжамды ана немесе әке болуы мүмкін адамдар бар, зерттеу тоқтаған жоқ.

Екінші мәселе: Жәнібектің Испанияда айналысатыны маусымдық жұмыс(туристерге қызмет көрсету) ол орта мектепті бітірген соң біздегідей бірден универге түспеген, бірақ жоғары оқу орнында оқу жоспарында бар. Білімді әрине, сол Еуропада алсам деп ойлайды. Майоркада жалғыз өзі пәтер жалдап тұрады, жекеменшік баспанасы жоқ. Отбасым деп, ең жақын достарын айтады. Жануарларым деп ранчоға барып, (тағы да жалданып) өзі баптап көмектесіп жүрген аттарын да қосып айтады. Жәнібектің басында үйі де, құрған отбасы да жоқ. Асырап алған шешесі Бельгияда қалған.

Сабырлық сақтайық, шынайы ақпарды «Бармысың,бауырым?» хабарынан күтіңіздер, - деп аяқтады жазбасын Қымбат Досжан.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 3
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары