$ 443.35  475.54  4.82

Файтер Асу Алмабаев UFC-дегі жекпе-жегінде жеңіске жетті

Бұл қазақстандық файтердің 19-ы ұтысы.

Фото: prosports.kz
Фото: prosports.kz

Астана уақыты бойынша 10 наурыз күні таңертең UFC 299 турнирінде қазақстандық файтер Асу Алмабаев UFC-дегі екінші жекпе-жегінде жеңіске жетті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Жеңіл салмақта шығып жүрген Асу Алмабаев бұл жолғы қарсыласы - америкалық Си Джей Вергараны үш раундтық шайқаста жеңіп шықты.

Жекпе-жектің басынан аяғына дейін Асу (18-2) қарсыласына мүмкіндік бермей, тік аяқты төбелесте де, партерде де Вергарадан(12-4-1)  басым түсті.

Осылайша, 30 жастағы Жамбыл облысының тумасы әлемнің үздік ұйымындағы екінші жеңісіне қол жеткізіп, жеке мансабындағы он тоғызыншы ұтысын тіркеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары