10.03.2024, 15:30

Атырау облысындағы бір апта бойы жалғасқан өрт сөндірілді (ВИДЕО)

Фото: видеодан алынған кадр

Өртті сөндіруге ТЖД, Орман шаруашылығы және ЖАО 60 жуық адам, 21 техникасы жұмылдырылды.

Атырау облысы Құрманғазы ауданындағы қамыс өсімдіктерінің өрті сөндірілді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

2500 га алаңдағы өрт 9 наурызда сағат 18-30-да оқшауланды, бүгін сағат 11:00-де жойылды.

Өртті сөндіруге ТЖД, Орман шаруашылығы және ЖАО 60 жуық адам, 21 техникасы жұмылдырылды.

2 наурызда басталған өрт жайлы бұған дейін жазған болатынбыз.