$ 494.87  520.65  4.91

Сәкен Бибосынов Бахрейн азаматтығын алған қазақ боксшысын жеңді

Егер бұл қарсыласынан басым түссе, Олимпиада лицензиясына ие болады.

Фото: https://www.instagram.com/qaz_olympics
Фото: https://www.instagram.com/qaz_olympics

Қазақстандық боксшы Сәкен Бибосынов Италияда өтіп жатқан бокстан әлемдік лицензиялық турнирдің 1/8 финалында Бахрейн азаматтығын алған қазақ Азат Махметовті жеңді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

 51 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өткен жекпе-жек үш раундқа созылды. Бұл бәсекеде Сәкен Бибосынов төрешілердің шешімімен (4:1) жеңіске жетті. Осылайша қазақстандық боксшы ширек финалға жолдама алды.

Алдағы уақытта Бибосынов келесі жекпе-жегін Ұлыбритания өкілі Киран Макдональдқа қарсы өткізеді. Егер бұл қарсыласынан басым түссе, Олимпиада лицензиясына ие болады.

Айта кетейік, Италиядағы лицензиялық турнирде Париж Олимпиадасының жолдамалары (ерлер арасында 28, әйелдер арасында 21) сарапқа салынып жатыр. Былғары қолғап шеберлері Олимпиада лицензиясына ие болу үшін жартылай финалға дейін жетуге тиіс.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 1

Серіктес жаңалықтары