Оқиғаға байланысты Алатау аудандық полиция басқармасының қызметкерлері тергеу жүргізіп жатыр.
Алматыда екі жолауашылар автобусы соқтығысып, алты адам зардап шекті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Полиция департаменті оқиғаның 10 наурызда таңғы сағат тоғыздар шамасында Алатау ауданында болғанын растады.
«Бекболат және Новостройка көшелерінің қиылысында №75 және №102 бағыттағы автобустар соқтығысты. Алдын ала болжам бойынша, №75-автобус жүргізушісі қауіпсіз арақашықтықты сақтамай, аялдамада тұрған қоғамдық көлікті соққан. Сол сәтте автобустан жолаушылар түсіп жатқан»,- деп хабарлады полициядан.
Оқиғаға байланысты Алатау аудандық полиция басқармасының қызметкерлері тергеу жүргізіп жатыр.