$ 494.87  520.65  4.91

«Грыжамен ауратындарыңыз бар ма?». Желіде жамбасынан теуіп емдейтін емшінің видеосы тарады (ВИДЕО)

Осыған тепкізіп жүргендерде есектің миындай ми жоқ. Есек те бір тепсең өзіңді бір тебеді ғой.

Фото: Видеодан кадр
Фото: Видеодан кадр

Әлеуметтік желіде науқастардың артынан, бүйірінен теуіп емдеп жатқан емшінің видесы қызу талқыға түсті. Бұл туралы Skifnews.kz ақпарат порталы Ахметбек Нұрсиланың фейсбуктегі парақшасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Грыжамен ауратындарыңыз бар ма? Мына емшілердің контактілерін тауып берейін бе?, - деп жазды Ахметбек Нұрсила. 

"Осыған тепкізіп жүргендерде есектің миындай ми жоқ. Есек те бір тепсең өзіңді бір тебеді", "Әй, қазақтар емес шығар!? Қазақ қоғамында әйелге аяқ жұмсамаушы еді ғой", Надандық деген осы", деп оқырмандар түрлі пікір қалдырды.

Айта кетейік, видеодағы емшілердің қайдан екені, кім екені, оқиғаның болған уақыты туралы ешқандай нақты дерек жоқ. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 8
Күлкілі 4
Ашулы 2

Серіктес жаңалықтары