$ 494.87  520.65  4.91

Дмитрий Попко Бразилиядағы жарыстың жеңімпазы атанды

Дмитрий Попко жекелей сында аргентиналық Хуан Пабло Фиковичпен чемпиондық атақты сарапқа салды.

ҚТФ
ҚТФ

Дмитрий Попко жұптық сында Ресифе (Бразилия) ITF турнирінің жеңімпазы атанды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Қазақстандық теннисші бразилиялық Даниэль Дутра Да Сильвамен бірге финалда доданың 2-ракеткалары, корт иелері Луис Бритто – Пауло Андре Сарайва Дос Сантоспен чемпиондық атақты сарапқа салды. Қазақстандық-бразилиялық жұп 6:3, 6:4 есебімен басым түсіп, титулға қол жеткізді.

Дмитрий Попко жекелей сында аргентиналық Хуан Пабло Фиковичпен чемпиондық атақты сарапқа салды. Бірінші партияда аргентиналық спортшының мерейі үстем болды — 6:4. Есесіне екіншісінде Попко тай-брейкте қарымта қайырды — 7:6 (7:4). Бірақ шешуші, үшінші сетте шамасы жетпеді — 3:6.  Осылайша Дмитрий Попконың 23 матчқа созылған жеңіс сериясы аяқталды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары