Арық жүйесін тазарту үшін ТЖМ 68303 Ә/Б күштері мен құралдары тартылды.
Абай облысының Семей қаласында бірнеше көшені су басып қалды. Бұл туралы ҚР ТЖМ баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы.
"ЖАО күшімен Щорс, Кирпичный, 3-ші Лодочная, Восточный және Подгорная кенттері, сондай-ақ қаланың басқа бөліктерінде су айдау жұмыстары жүргізілді, "Теплокомэнерго" МКҚК-мен бірлесіп инертті материал таратылды", - делінген хабарламада.
Департамент қызметкерлері Красин, Садовая және Менжинский көшелеріндегі аула аумақтарынан су айдау жұмыстарын жүргізді. Арық жүйесін тазарту үшін ТЖМ 68303 Ә/Б күштері мен құралдары тартылды.
"Қазіргі уақытта қала көшелерінен 1500 текше метрден астам су айдалды. Жұмыстарға ЖАО, ТЖД және 68303 ӘБ-нің жеке құрамның 60-тан астам адамы және 20-дан астам техника жұмылдырылды. Еріген суды сору жұмыстары аяқталды", - делінген ведомство хабарламасында.
ЖАО және ТЖД күштерімен қала көшелеріндегі ахуалға мониторинг жүргізіліп жатыр.