11.03.2024, 14:40

Алдағы үш күнде 20 градусқа дейін суық болады

Фото: pixabay.com

Елдің кейбір өңірлерінде түнде ауа температурасы -10-20 градус аяз көрсетсе, күндіз -2-10 аяз болуы мүмкін.

Қазақстанда 12-14 наурыз аралығында күн суық болады. Бұл туралы «Қазгидромет» синоптиктері болжам ұсынды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Мамандардың болжамынша, Қазақстан аумағында атмосфералық фронталды бөлімдердің өтуіне байланысты таяудағы екі тәулікте тұрақсыз ауа райы сақталады. 12 наурыз күні Павлодар және Қарағанды облыстарында қар аралас жаңбыр жауады. 12-13 наурыз күндері Жетісу, Абай, Шығыс Қазақстан, Түркістан, Жамбыл сондай-ақ Алматы облыстарында да қар аралас жаңбыр жауады деп болжанып отыр.  

Республика бойынша жел күшейіп, тұман шөгеді, көктайғақ болады деген болжам бар.

Елдің кейбір өңірлерінде түнде ауа температурасы -10-20 градус аяз көрсетсе, күндіз -2-10 аяз болуы мүмкін. Қазақстанның оңтүстік аймағында түнде термометр бағаны -2-12 градусқа төмендесе, күндіз 6 градус аяз болады деп болжанды.