$ 494.87  520.65  4.91

Енді медициналық кітапшалар онлайн форматта болады

Денсаулық сауқтау министрлігінің баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, бұл азаматтарға медициналық тексеруден өту уақытын қысқартуға мүмкіндік береді.

Фото: Pixabay
Фото: Pixabay

2025 жылғы 1 қаңтардан бастап азаматтардың жеке медициналық кітапшалары (ЖМК) толығымен онлайн-форматқа көшеді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Денсаулық сауқтау министрлігінің баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, бұл азаматтарға медициналық тексеруден өту уақытын қысқартуға мүмкіндік береді.

Сондай-ақ жұмысқа жіберу туралы мөртаңбаны алу үшін терапевтке қайта бару қажет болмайды.

ЖМК яғни медициналық кітапшалар электрондық форматқа ауысқаннан кейін нәтижелерді жеке кабинеттен алуға болады.

Жеке медициналық кітапшаны (ЖМК) беруді автоматтандыру процесі соңғы кезеңде. Қазіргі уақытта медициналық ақпараттық жүйелерді интеграциялау бойынша жұмыс жүргізілуде, соның нәтижесінде «Е-Денсаулық» сервисі «Жеке медициналық кітапша» модулінің деректерін қабылдауды бастайды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары