Облыс полицейлері криминалистикалық әдістердің көмегімен Келес және Сарыағаш аудандарындағы мешіттерге ұрлыққа түскен күдіктіні анықтады.
Түркістан облысы полицейлері бірнеше мешітке ұрлыққа түскен жігітті ұстады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Облыс полицейлері криминалистикалық әдістердің көмегімен Келес және Сарыағаш аудандарындағы мешіттерге ұрлыққа түскен күдіктіні анықтады.
Бірінші факті бойынша Келес ауданының мешітінде күдікті садақа жәшігінен 60 мың теңгені, ал екінші факті бойынша Сарыағаш ауданы мешіт имамының қызметтік бөлмесіндегі сейфте тұрған, яғни қайырымдылыққа жиналған 270 мың теңгені ұрлап кеткен.
Жедел уәкілдер күдіктінің орналасқан жерін анықтап, нәтижесінде Сарыағаш ауданы Тасқұдық ауылының тұрғынын ұстады. Бүгінгі таңда жігіт қамауда, тергеу жалғасып жатыр.