12.03.2024, 10:40

Салтанат Нүкенованың ағасы алғашқы сот отырысы туралы пікір білдірді (ВИДЕО)

Фото: instagram/_salta_n

Видео туралы қоғам білмесе дедік. 

Марқұм Салтанат Нүкенованың ағасы Айтбек Амангелді алғашқы сот отырысы туралы көзқарасын білдірді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Алдын ала тыңдаудан алған алғашқы әсерлер.

Шуға келетін болсақ, әуелі туыстарына залға кіргізілетінін айтып, хабар тарататын 2 зал бар екенін ескертпеді. Судья процесті тоқтатып, кетуімді сұрағанда мен барлығына хабар тарататын бөлмелер бар екенін айтты. Содан барлығы сол жаққа қарай жүгіре жөнелді. Туыстарымды түсінуге болады, олардың барлығы мен үшін және сот процесіне алаңдайды, – деп жазды ол әлеуметтік желідегі парақшасында.

Айтбек Амангелді бұған дейін айтылмаған нәрселер барын айтты.

«Салтанат неге кетіп қалмаған және кетіп, қайтадан неге оралған?» деген секілді сұрақтар көп қойылды. Бұл мен үшін де үлкен сұрақ. Оның жауабын қылмыс болғаннан кейін білдік. Яғни Бишімбаев түсірген видеодан кейін білдік. Бұл туралы айтқымыз келмеген, себебі бұл біздің жақындарымыз үшін ауыр. Сондықтан видео туралы қоғам білмесе дедік. Себебі әлдеқандай әдеп нормасы бар. Менің міндетім – бәрін бүге-шүгесіне дейін айтып, біреуді қаралау емес, отбасымды ойлау және оларға қамқорлық таныту болды, – дейді Айтбек Амангелді.

Айта кетейік, кеше 11 наурызда Астанада Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша алдын ала тыңдау өтті. Алдын ала тыңдау барысында прокурор Бишімбаев Нүкенованы интимдік видеоға түсуге мәжбүрлегенін айтты. Кейін Бишімбаевтың адвокаттары істі «абайсызда өлтіріп алу» бабына ауыстыруды сұрады.