$ 494.87  520.65  4.91

Қай министрлік бюджет қаражатын дұрыс игере алмай отыр?

Мемлекеттік сатып алу бойынша 670 млн теңгенің конкурстары өткізілмеген.

Фото: Pixabay
Фото: Pixabay

Қаржы министрі Мәди Такиев жыл басынан бері бюджет қаржысын дұрыс игере алмай отырған министрліктерді атады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Ең көп игерілмеген республикалық бюджет сомасы туризм және спорт, мәдениет және ақпарат министрліктері мен мемлекеттік күзет қызметіне тиесілі.

«Мемлекеттік бюджеттің шығыстары 96,6%-ға, республикалық бюджеттің шығыстары – 98,2%-ға жергілікті бюджеттердің шығыстары 95%-ға атқарылды. Республикалық бюджет бойынша 3,7 трлн. теңге сомасына шығыстар жүргізілді. Атқарылмау 70 млрд. теңгені құрады, оның ішінде:  үнемдеу – 25 млрд. теңге. Игерілмегені – 45 млрд. теңге. Ең көп игерілмеу сомасы туризм және спорт, мәдениет және ақпарат министрліктерінде және мемлекеттік күзет қызметінде қалыптасты», - деді Қаржы министрі Мәди Такиев Үкімет отырысында.

Министрдің сөзінше, мемлекеттік сатып алу бойынша 670 млн теңгенің конкурстары өткізілмеген, 19 214 млн теңгенің конкурстық рәсімдері мен шарттар жасасу рәсімдері уақытынан асып барып өткізілген.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары