$ 495.2  522.34  4.94

«11 ай «боқ» жеп - бір ай ашыққаннан пайда жоқ»: Рамазан айында ораза ұстамауға болатынын айтқан кім?

Бай байға, бар барға, кедей кедейге ас береді.

Фото: Pixabay
Фото: Pixabay

Әлеуметтік желіде "таза" жүрген адамдарға ораза ұстамауға болады деп, пәтуә шығарғандар болды. Бұл туралы Skifnews.kz ақпарат порталы Тортуыл Шоқанның фейсбуктегі парақшасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Естеріңде болсын! Күнде «таза» жүрген адамға — жылына бір келетін оразаны ұстап қажет емес! 11 ай «боқ» жеп — бір ай ашыққаннан пайда жоқ! Бай байға, бар барға, кедей кедейге ас береді. Ауызашарда түскен фотоларды қарасаң — 11 ай «труси кимегендер» бастарына орамал байлап алып, құдды бір қыздығы алынбаған қызша қымсынады. Еркегі ол: 11 ай адасып табылған адамша — үй ішін, ағайынын жаңа көргендей әуектейді. Әй, осының бәрін күнде істеуге болмай ма, а? Науқаншылықтан арылған дұрыс, Ағаеен, - деп жазды. 

Ал желі қоланушылары болса автордың бұл сөзіне түрлі пікір қалдырды.

"Салмақ қуу үшін ұстаймын ба деп отырмын. Он бес келідей тастау керек болып тұр. Жай уақытта ұстайын десем той-думан көбейіп кетіп, ыңғайы келмейді", "Әрине, сенімді қоя тұрып, ең бірінші денсаулыққа өте зиян ғой, 12 сағат уақытымен тамақ ішпеу, түнде тоя тамақ жеу, масқара ғой асқазанды бүлдірмей ме?", "11 ай иван боп,1 ай имам. Кеше коллектив 8 наурызда отырғанда, Жаңа жыл корпоративте ішіп-қуып жүргендер,тымпиып отыр, и неге десем, тазармақшы".
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 42
Ұнамайды 22
Күлкілі 12
Ашулы 18

Серіктес жаңалықтары