$ 494.87  520.65  4.91

Қуандық Бишімбаевтың соты алқабилердің қатысуымен өтетін болды

Өз кезегінде жәбірленуші тараптың адвокаты Жанна Оразбахова Бишімбаевтың қорғаушыларының барлық талап-өтініштерін ескерусіз қалдыруды сұрады.

Фото: Астана соты
Фото: Астана соты

Сот бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевтың ісін алқабилер сотының қарауы туралы қос тараптың өтінішін қанағаттандырды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы Zakon.kz-ке сілтеме жасап.

Дегенмен сот Бишімбаевтың ісін "Абайсызда кісі өлтіру" бабы ретінде қайта тағайындау туралы өтінішті қанағаттандырмады. 

Бұған дейін Бишімбаевтың адвокаттары соттан істі тергеуге қайтаруды сұрап, қылмыс орнында тергеу экспериментін жүргізуді талап еткен болатын. Нүкенованың адвокаты соттан Бишімбаевтың қорғаушылары ұсынған барлық өтінішті елеусіз қалдыруды сұрады. Екі тарап та алқабилер сотына келісетіндерін мәлімдеді.

Сонымен қатар, сотталушының адвокаттары Салтанат Нүкенованың өзі Қуандық Бишімбаевты қатты қызғанғанын, абюзер мен қатыгездік бойынша айыптар шындыққа жанаспайды деп санайтындарын жеткізді. 

Кеше прокурордың айтқанына да жауап берілді. Прокурор айыпталушы әйеліне пайдалы іспен айналысуына тыйым салғанын (ол табысты астролог болған) және оны материалдық жағынан тәуелді етіп қойғанын айтқан еді. Бұл ретте Бишімбаевтың адвокаты оған шығындары үшін деп айына 5-6 млн теңгеден аударып отырғанын айтты.

Өз кезегінде жәбірленуші тараптың адвокаты Жанна Оразбахова Бишімбаевтың қорғаушыларының барлық талап-өтініштерін ескерусіз қалдыруды сұрады. Сондай-ақ, ол Салтанат Нүкенованың тарабы істі алқабилердің қатысуымен болатын сотта қарауға келісетінін жеткізді.

Сондай-ақ Жанна Оразбахова жәбірленуші тараптың адвокаттары сотқа Салтанат Нүкенованың әкесі ешқашан психиатриялық және наркологиялық есепте болмағаны туралы құжаттарды ұсынуға дайын екенін мәлімдеді.

Сондай-ақ ол ұсынылған дәлелдер істі "абайсызда кісі өлтіру" бабы бойынша қайта тағайындау мүмкіндігін жоққа шығаратынын айтты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 1

Серіктес жаңалықтары