13.03.2024, 10:00

Стипендия 2 рет өседі: Енді студенттер қанша теңге алатын болады?

Фото: Pixabay

Қаулы 2024 жылғы 1 қыркүйектен бастап күшіне енеді деп жоспарланған. 

Шәкіртақыны 2024 жылы бір мәрте және 2025 жылы тағы бір мәрте өсіру жоспарланған, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы informburo.kz-ке сілтеме жасап.

Ашық НҚА порталында студент, магистрант және докторанттардың стипендиясын арттыруды көздейтін үкімет қаулысының жобасы жарияланды. Оған сәйкес, стипендия 2024 жылғы 1 қыркүйектен бастап өссе, одан кейін 2025 жылғы 1 қыркүйектен бастап тағы да ұлғаяды. 

2024 жылғы 1 қыркүйектен бастап стипендиялар келесі мәндерге ие болады: 

жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында оқитын студенттер ("Денсаулық сақтау" бағытындағы педагогикалық дайындық бағыттары бойынша оқитын студенттерді қоспағанда) – 47 135 теңге; жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында даярлаудың педагогикалық бағыттары бойынша және "Денсаулық сақтау" даярлау бағыты бойынша оқитын студенттер – 75 600 теңге; интерндер – 85 376 теңге;

ҚР Жоғары Сот Кеңесі жанындағы Сот төрелігі академиясының магистранттары – 107 061 теңге; "Назарбаев Университеті" дербес білім беру ұйымында оқитын магистранттар – 200 000 теңге; "Денсаулық сақтау" даярлау бағыты бойынша докторанттар – 240 000 теңге; "Денсаулық сақтау"даярлау бағыты бойынша резидент дәрігерлер мен магистранттар – 123 122 теңге; Жұмыс біліктілігі бойынша техникалық және кәсіптік білім берудің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында оқитын студенттер – 43 574 теңге; Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында оқитын студенттер – 41 896 теңге; Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының дайындық бөлімдерінің тыңдаушылары – 40 065 теңге.

2025 жылғы 1 қыркүйектен бастап стипендиялар келесі мәндерге ие болады: 

жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында оқитын студенттер ("Денсаулық сақтау" бағытындағы педагогикалық дайындық бағыттары бойынша оқитын студенттерді қоспағанда) – 52 372 теңге; жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында даярлаудың педагогикалық бағыттары бойынша және "Денсаулық сақтау" даярлау бағыты бойынша оқитын студенттер – 84 000 теңге; интерндер – 94 863 теңге; ҚР Жоғары Сот Кеңесі жанындағы Сот төрелігі академиясының магистранттары – 117 098 теңге; "Назарбаев Университеті" дербес білім беру ұйымында оқитын магистранттар – 218 750 теңге; "Денсаулық сақтау" даярлау бағыты бойынша докторанттар – 262 500 теңге; "Денсаулық сақтау"даярлау бағыты бойынша резидент дәрігерлер мен магистранттар – 134 664 теңге; Жұмыс біліктілігі бойынша техникалық және кәсіптік білім берудің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында оқитын студенттер – 43 574 теңге; Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында оқитын студенттер – 41 896 теңге; Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының дайындық бөлімдерінің тыңдаушылары – 44 516 теңге.

Қаулы 2024 жылғы 1 қыркүйектен бастап күшіне мінеді деп жоспарланған.