$ 443.37  474.49  4.83

Авторлар қоғамы сотта Назарбаев қорынан жеңіліп қалды

2019 жылғы желтоқсанда ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы Global 3 Pictures шетелдік компаниясынан бекітілген сценарий бойынша Назарбаев туралы фильмге тапсырыс берген.

Фото: nazarbayev.kz
Фото: nazarbayev.kz

Авторлық қоғам қордан белгілі фотограф Константин Киквидзеге Оливер Стоунның экс-президент туралы деректі фильмінде кадрлар пайдаланғаны үшін 26,9 миллион теңге төлеуді талап еткен, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Nege.Aqsha Telegram-арнасы мәліметінше, 2019 жылғы желтоқсанда ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы Global 3 Pictures шетелдік компаниясынан бекітілген сценарий бойынша Назарбаев туралы фильмге тапсырыс берген. Орындаушы деректі фильмнің әлемдік премьераларын, сондай-ақ, оның халықаралық орындарда көрсетілуін ұйымдастыруға және өткізуге міндеттелген. OCCRP мәліметтері бойынша, кинокартина өндірісі Назарбаев қорынан төленді және кем дегенде 5 миллион доллар тұрады.

2020 жылғы тамызда фильмге қатысты құқықтар қорға берілді. Global 3 Pictures бас атқарушы директоры Игорь Лопатенок фильм 2019 жылдан 2022 жылға дейін түсірілгенін мәлімдеді. Киквидзе жеткізушілердің бірі болды: ол өз командасымен бірге 2020 жылдың маусым-шілде айларында Ақтаудан Алматыға түсірілім экспедициясын ұйымдастыруы керек еді, ол үшін оған 16,2 млн теңге төленді, - деп жазылған арна мәліметінде.

Сонымен қатар, деректе COVID-19 пандемиясына байланысты экспедиция жүзеге асырылмағаны айтылады.

"Бұған дейін айтылған соманың бастапқы жарнасы қайтарылған жоқ. Оның орнына Киквидзе оларға экспедиция кезінде түсірілген кадрларды берді. Компания бұл материалды фильмде пайдаланды. Киквидзе осы материалды лицензиялауға қатысты ешқандай құжат рәсімдеген жоқ. Калифорния штатының заңдары бойынша Global 3 Pictures бұл материалға қатысты барлық құқыққа ие. Себебі Киквидзенің де, оның компаниясының да осы мүлікке меншік құқығын алуға құқығы жоқ" деді Лопатёнок, - делінген арна мәліметінде.

Осылайша сот авторлық қоғамның Назарбаев қорына деген талабын қабылдамаған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары