Әсет Шыңдалиевке журналистер сұрақ қоймақ болып, оны қоршап алады.
Бас прокуратура өкілінің Мәжілісте сүрініп құлаған видеосы тарады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Nege.kz-тің дерегінше, Мәжілістің жалпы отырысынан кейін Бас прокурордың орынбасары Әсет Шыңдалиевке журналистер сұрақ қоймақ болып, оны қоршап алады. Шыңдалиев сұрақтарға үстіртін жауап беріп, тез сытылып шығуға тырысқанда алдында тұрған Бас прокуратураның парламенттегі ресми өкілі Мейрамбай Кемалов сүрініп, құлап қалған.