$ 442.05  474.14  4.74

Наурызда неше күн демаламыз?

23 наурыз сенбіге сәйкес келеді, сондықтан демалыс күні 25 наурызға ауыстырылды.

Фото: osken-onir.kz
Фото: osken-onir.kz

2024 жылдың наурыз айында қазақстандықтар 14 күн демалады. Соның ішінде Наурыз мерекесіне орай  5 күн демалады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Қазақстан мектептерінде үшінші тоқсанның аяқталуына бір апта қалды. Оқу-ағарту министрлігінің каникулдар кестесіне сәйкес, көктемгі каникул 21 наурыздан 31 наурызға (қоса алғанда) созылып, жалпы саны 11 күнді құрайды.

Төртінші оқу тоқсаны 1 сәуір – дүйсенбі күні басталады. Төртінші тоқсан 8 оқу аптасын құрайды.

Биыл әз Наурыз мерекесі «Наурызнама» деп аталып, ел бойынша 10 күн тойланады.  21-23 наурыз күнтізбеде қызыл күнмен белгіленген Наурыз мейрамы. 23 наурыз сенбіге сәйкес келеді, сондықтан демалыс күні 25 наурызға ауыстырылды. Сәйкесінше, Наурыз мерекесінде қазақстандықтар 21-25 наурыз аралығында 5 күн қатарынан демалады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары