$ 494.87  520.65  4.91

Тендердегі майшелпек: Бас прокуратура 10 млрд теңге өндірді

Ақмола облысында жекелеген аудандық әкімдіктер жобалық сметалық құжаттаманы әзірлемей блоктық-модульдік қазандықтарды сатып алуға ниетті. Заңсыз конкурстардың күші жойылып, заңнама талаптарына сәйкес өткізілді.

Фото: e-history.kz
Фото: e-history.kz

Бас прокуратура мемлекеттік сатып алу және бюджет қаражатын жұмсау саласында заңдылықты қамтамасыз ету бойынша қабылданатын шаралар туралы мәлімдеді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

2023 жылы жоспарлаудан бастап тауарлар, жұмыстар мен қызметтерді қабылдауға дейінгі кезеңдерде барлығы 2,5 мыңнан астам бұзушылық анықталды.

Олар бойынша 1,4 мың қадағалау актісі енгізілді. Қабылданған шаралармен мемлекет кірісіне 10 млрд теңге өндірілді. Мысалы, Жамбыл облысының Тараз қаласында жылу магистралін реконструкциялау конкурсы бойынша әлеуетті өнім берушілерге негізсіз талаптар белгіленгені анықталды, - делінген прокуратураның хабарламасында.

Ақмола облысында жекелеген аудандық әкімдіктер жобалық сметалық құжаттаманы әзірлемей блоктық-модульдік қазандықтарды сатып алуға ниетті. Заңсыз конкурстардың күші жойылып, заңнама талаптарына сәйкес өткізілді.

Осы облыста арнайы прокурорлар «Жайлау Сити» тұрғын үй құрылыс кооперативі және «Құрылтай» көппәтерлі тұрғын үй кешенін сыртқы электрмен жабдықтау желілерін салу кезінде бюджет қаражатын жымқыру фактісі бойынша қылмыстық істі тергеді.

30.10.2023ж. Целиноград ауданы Құрылыс бөлімінің басшысы С. және «Еңбек-Аршалы» ШЖҚ РМК директоры А. 7 және 8 жылға тиісінше бас бостандығынан айырылды, «Астана ЭлектроСтройКомплект» ЖШС директоры С. – 7жылға шартты түрде сотталды, – делінген ақпаратта.

Аталған салада жүйелі проблемаларды анықтау мақсатында өткен жылдың соңында Қаржы министрлігі және жергілікті атқарушы органдарда тексерулер жүргізілді.

Мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманың нормаларын екіұшты қолдану, ішкі мемлекеттік аудит органдарының актілеріне қарсылықтарды ұзақ қарау және басқа да бұзушылықтар фактілері анықталды.

Қорытынды бойынша Үкіметке ұсыныс енгізілді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары