$ 441.44  473.09  4.75

Тоқаевтың 3 тазысы бар, оның бірі – Наурыз (ВИДЕО)

Иттер қоршалған аумақта, жылы үйшікте күтіп-бапталады. 

Қазіргі кезде президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың үш асыл тұқымды тазысы бар, деп Skifnews.kz ақпарат порталы inform.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Тазыларының бірі – қызғылт-сары түсті Наурыз атты күшік. Бұл тазыны былтыр Мемлекет басшысына ит асыраушы Анна Захарова сыйға тартқан болатын. Қазір Наурыз 1 жас 4 айға толды.

Қалған екеуі – 4 жасар, ақшыл-сары түсті Ронни деген арлан тазы мен 5 жасар ақшыл түсті Нэнси.

Иттер қоршалған аумақта, жылы үйшікте күтіп-бапталады. Арнайы сертификаты бар кинолог маман оларды үйретіп, саятшылыққа баулиды.

Қасым-Жомарт Тоқаев бос уақытында тазыларымен серуендегенді ұнатады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары