14.03.2024, 18:00

Павлодарда автобус екі жаяу жүргіншіні қағып кетті

Фото: Pixabay

Зардап шеккендер ауруханаға жеткізілді.

Әлеуметтік желідегі парақшалардың бірінде Малайсары батыр мен Российская көшелерінің қиылысында жолаушылар автобусы екі адамды қағып кеткен бейнесі жарияланған болатын, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы Pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.

Облыстық жедел жәрдем станциясының баспасөз қызметі медициналық бригаданың оқиға орнына тоғыз минут ішінде жеткенін хабарлады. 

«13 наурызда 14:52-де станцияға жол-көлік оқиғасы туралы шақыру түсті. Түрлі жарақаттармен 17 жастағы жасөспірім қызды облыстық балалар ауруханасына, ал 63 жастағы әйел № 1 қалалық ауруханаға жеткізілді»,– деп жазылған хабарламада.

Полиция департаментінде әзірге ақпарат ұсынбады.