Жыл басында АҚШ Мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен Қырғыз Республикасының Президенті Садыр Жапаровқа хат жолдаған.
Қырғыз Республикасы Жогорку Кенешінің депутаттары «Коммерциялық емес ұйымдар туралы» Қырғыз Республикасының заңына өзгерістер енгізу туралы» заң жобасын үшінші оқылымда мақұлдады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Заң жобасын 66 депутат қолдаса, 5 парламентарий қарсы шықты.
«Коммерциялық емес ұйымдар туралы» Қырғыз Республикасының Заңына түзетулер «шетелдік коммерциялық емес ұйым», «шетелдік коммерциялық емес ұйымдардың құрылымдық бөлімшелері», «шетелдік өкілдің функцияларын жүзеге асыратын коммерциялық емес ұйым» ұғымдарын енгізеді.
Еске салсақ, 2024 жылдың 17 қаңтарында АҚШ Мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен Қырғыз Республикасының Президенті Садыр Жапаровқа хат жолдаған еді. Әлгі хатта Қырғызстан парламентінде қаралып жатқан «Коммерциялық емес ұйымдар туралы» заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасына қатысты алаңдайтынын жеткізген.