15.03.2024, 20:30

Ресейде бүгін басталған Президент сайлауы 3 күн жалғасады

Фото: nege.kz

Бүгін сайлаудың бірінші күні басталды. Ресейліктер президентті төрт үміткердің арасынан таңдайды.

Көршілес Ресей елінде 15-17 наурыз аралығында 3 күн президент сайлауы өтеді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Бүгін сайлаудың бірінші күні басталды. Ресейліктер президентті төрт үміткердің арасынан таңдайды. Олар: қазіргі президент Владимир Путин, «Новые люди» партиясынан Владислав Даванков, коммунист Николай Харитонов пен ЛДПР-ды Владимир Жириновскийден мұра еткен Леонид Слуцкий. 

Бұл Ресейдегі сегізінші президент сайлауы.

Қазіргі уақытта сайлаушылардың 10,40 пайызы дауыс беріп үлгерді.

Дүние жүзіндегі ресейліктер үш күн ішінде үміткерлердің біріне дауыс бере алады.