Еліміздің басым бөлігінде тұман, желдің күшеюі, жаяу бұрқасын, көктайғақ, оңтүстікте, оңтүстік-батыста шаңды дауыл күтіледі.
«Қазгидромет» РМК 16 наурызға арналған ауа-райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Республиканың басым бөлігінде атмосфералық фронтальды бөлімдердің өтуімен ауа райы тұрақсыз болады.
«Сонымен қатар жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын болады, күндіз елдің оңтүстік-батысында қатты жаңбыр күтіледі. Тек ҚР-ның оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында антициклонның әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы сақталады».
Еліміздің басым бөлігінде тұман, желдің күшеюі, жаяу бұрқасын, көктайғақ, оңтүстікте, оңтүстік-батыста шаңды дауыл күтіледі.