17.03.2024, 07:30

11 өңірде ауа райына байланысты ескерту жасалды

Фото: Pixabay

Қостанай облысының батысында, оңтүстігінде тұман күтіледі.

Синоптиктер ертең, 17 наурызда Қазақстанның 11 өңірінде ауа райына байланысты ескерту жасады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Жамбыл облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман түседі. Солтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батыс желіне ауысады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында екпіні 25 м/с болады.

Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстік-батысында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады күндіз облыстың солтүстігінде екпіні 15-20 м/с күтіледі. 

Атырау облысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. 

Ақтөбе облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман күтіледі. Шығыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде екпіні 15 м/с күтіледі.

Ақмола облысының оңтүстігінде, батысында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Батыс Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде көктайғақ күтіледі.

Түркістан облысының таулы аудандарында шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, күші 15-20 м/с.

Павлодар облысының оңтүстігінде, батысында оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с күтіледі.

Маңғыстау облысының оңтүстігінде, орталығында кей уақыттарда қатты жаңбыр күтіледі. Облыстың солтүстік-шығысында шаңды дауыл күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел батысқа ауысады, облыстың солтүстігінде, шығысында 15-20 м/с күтіледі.

Қызылорда облысында жел шығыстан соғады, түнде облыстың орталығында, күндіз облыстың басым бөлігінде күші 15-20 м/с күтіледі. 

Қостанай облысының батысында, оңтүстігінде тұман күтіледі.