Өңірдегі республикалық маңызы бар тасжолдардың бірін қар көшкіні жауып қалу қаупі бар.
Ауа-райының қолайсыздығына байланысты Шығыс Қазақстан облысында республикалық маңызы бар автожолда көліктің барлық түрі үшін қозғалысқа тыйым салынды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Өңірдегі республикалық маңызы бар тасжолдардың бірін қар көшкіні жауып қалу қаупі бар.
Республикалық маңызы бар «Өскемен-Алтай-Үлкен Нарын-Катонқарағай-Рахман қайнары» тасжолының учаскесінде (Ушанов кенті мен Алтай қаласына дейінгі аралықта) көліктің барлық түрі үшін қозғалысқа тыйым салынды. Сондықтан халықты алыс жолға шыққанда маршрутты алдын ала жоспарлап алуды сұраймыз, - деп хабарлады ШҚО Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.
Сондай-ақ жолдардың жай-күйін «Дәрмен» мобильді қосымшасы арқылы тексеріп отыруға болады.