$ 441.66  475.14  4.86

Мөлдір Жаңбырбай «Karate1 Premier League» турнирінде алтын алды

2023 жылы Будапештте (Венгрия) өткен әлем чемпионатында Мөлдір Жаңбырбай каратэден Қазақстан тарихындағы алғашқы алтын медальді жеңіп, әлем чемпионы атанған болатын.

Фото: zhasalash.kz
Фото: zhasalash.kz

Мөлдір Жаңбырбай «Karate1 Premier League - Antalya 2024» турнирінің жеңімпазы атанды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы Aikyn.kz сайтына сілтеме жасап.

WKF каратэден «Karate1 Premier League - Antalya 2024» жарысында финалдағы қарсыласы, Венесуэла өкілі Салазар Йоргелистің жарақат алып, шықпауына байланысты 50 келі салмақтағы Мөлдір мерзімінен бұрын алтын медаль иеленді.

Еске сала кетейік, бұған дейін отандасымыз италиялық Агус Азианы 6:2, Уикен Силияны (Алжир) 6:4, португалиялық Родригес Катаринаны 3:1 есебімен ұтты.

2023 жылы Будапештте (Венгрия) өткен әлем чемпионатында Мөлдір Жаңбырбай каратэден Қазақстан тарихындағы алғашқы алтын медальді жеңіп, әлем чемпионы атанған болатын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 3
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары