$ 494.87  520.65  4.91

«Назарбаевтың кезінде ашылған ет бордақылау алаңдары қазір ескерткіш болып тұр» - Төлеутай Рақымберді

Оның себебі - сол кезде беделді өндіріске көңіл бөлінді де экономикалық тиімділігін ешкім есептеген жоқ. 

Қазақстан саясаткері, "Ауыл" партиясы Төрағасының бірінші орынбасары, Экономика ғылымдарының докторы Төрағасы Төлеутай Рақымбеков «Qasqa Jol» ютуб-арнасында қонақта болды. Сұхбат барысында Ауыл шаруашылығы саласын бірнеше кезеңге бөліп, біраз түйіткілді мәселенің түйінін тарқатты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Ауыл шаруашылығы саласында мәселе өте көп. Мен өзім ауыл шаруашылығының дамуын бес кезеңге бөлемін. Біріншісі - 1992-1995 жыл. Осы кезде барлық экономика нарықтық экономикаға ауысқан кезде ауыл шаруашылығы саласын билік өз қолына алып қалды. Бұл ауыл шаруашылығы саласына ауыр тиді. Мүмкін халық үшін дұрыс та болған шығар. Бес жылдай кешігіп барып қана бұл саланы жаппай жекешелендіру басталды. Бұл - екінші кезең. Осының себебінен ең төменгі көрсеткіштер көрсетті. Қойдың саны 3-4 есе, ірі қара малдың саны 3 есе, дәнді-дақылдар өндірісі 3 есеге азайды. Халықтың да жағдайы нашарлады. Үшінші кезең - тұрақтандыру кезеңі (1999-2002жж.). Үкімет бірнеше бағдарлма жасап шығарды. Жаңа айтып өткен төмендеу процесі тоқтады. 2003-2011 жылдар - ауыл шаруашылығының дамыған кезеңі. Осы жылдары Қазақстан өзін толығымен қамтамасыз етуге қол жеткізді. 

Төлеутай Рақымбековтың айтуынша, Қазақстан мал етін экспорттаймыз деп шығынның астында қалған. 

Ауыл шаруашылығы дамуға қол жеткізген тұста инфрақұрылымға көңіл бөлу керек еді. Біз оның орнына Назарбаевтың тапсырмасымен ет экспорттаймыз деп қыруар ақша жұмсадық. Бұл тапсырманы сол кездегі президенттің аузына салып берген адамдар болғанын бәріміз білеміз. Бір мал бордақылау алаңына бірнеше миллиард ақша кетті. Кейін сол алаңдар ескерткіш болып қалады, бос тұрады дедім. Айтқаным келді. Алысқа бармай-ақ қояйын Батыста кезінде аты шыққан "Crown Батыс" мал бордақылау алаңы қазір бос тұр. Оның себебі - сол кезде беделді өндіріске көңіл бөлінді де экономикалық тиімділігін ешкім есептеген жоқ. 

Етті шетелге экспорттауды алғашқылардың бірі болып ұсынған да Төлеутай Рақымбеков екен.  

Мен мал шаруашылығының қандай болашағы бар деп ойлап, Ресейдің нарығымен салыстырдым. Қазақстан мен Ресейдің ет тұтыну деңгейі бірдей болды, адам басына - 45 кг ет. Сол кезде құстың етін санамағанда Қазақстан толық өзін етпен қамтамасыз ете алатын. Ал Ресей 15 кг сиыр етін шетелден алатын. Жылына 2 млн 250 мың тонна етті шетелден әкелетін. Яғни 4,5 млрд доллар ақша бөлетін. Ол кезде Қазақстан экспортқа 3 млн тоннадай дәнді-дақылдар шығаратын. Ең алға дамыған саламыз осы болды. Бұдан табатын пайдамыз - 450 млн доллар. Сол кезде мен айттым егер ірі қара малды экспортқа шығаратын болсақ, алысқа бармай Ресейге жіберсек он есе пайда артады. Бірақ айтқан уақытта іске аспады. Кейін 2011 жылы ғана қолға алынды. Мал бордақылау алаңын салды, малды шетелден аламыз деді. Осы жерде жіберген екі қате осы. Мал бордақылау алаңы ең соңғы атқарылуы керек іс еді. 80% мал жекенің қолында. Қалай жеткіземіз, қандай механизм бар деп сатып алу туралы шешім шығарды. Сұраныс бар кезде ұсыныстың бағасы қымбаттайды. Біз соған келдік. Мал мен еттің бағасын қымбаттатып алдық. Одан кейін шетелден келетін малдың сапасына қараған жоқпыз. Бұрын елімізде тіркелмеген неше түрлі мал аурулары пайда болды. Осының бәрі болмағанда ауыл шаруашылығы дамып кететін еді. 

«Qasqa Jol» ютуб-арнасында қонағы Ресейдің санкцияға қашан түскенін, санкцияны пайдаланып қандай пайдаға кенелгенін айтып өтті. 

Соңғы 2-3 жылда біз жағдайды нашарлатып алдық. Оған бірнеше себеп бар. Украина, коронавирус... Ресей санкцияның астына күні кеше емес, 2014 жылдан бері түсті. Қырым референдумы өткеннен кейін бірден түсті. Осы тұста Ресей ауыл шаруашылығы саясатын бірден өзгертті. Соның нәтижесін қазір көріп отыр.  

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 1
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары