$ 443.35  475.54  4.82

Санжар Тәшкенбай бастаған 4 боксшы Белградта чемпион атанды

Аталмыш жарыста Қазақстан намысын 12 боксшы қорғады.

Фото: www.instagram.com/boxingkazakhstan
Фото: www.instagram.com/boxingkazakhstan

Сербия астанасы Белградта бокстан дәстүрлі Бранко Пешич мемориалы мәресіне жетті, деп хабарлайды Skifnews.кz ақпарат порталы.

Қазақстан бокс федерациясынан мәлім еткеніндей, қазақстандықтар 4 алтын, 4 күміс медальмен жалпыкомандалық есепте 1 орынға ие болды.

Финалда жұдырықтасқан сегіз боксшының ішінде Ернұр Қайрат (48 кг), Санжар Тәшкенбай (51 кг), Дәулет Молдашев (54 кг) және Диас Молжігітов чемпион атанды. Ал Сабыржан Аққалықов (71 кг), Ерасыл Жақпеков (80 кг), Данияр Рахымбердинов (92 кг), Олжас Боқаев (+92 кг) күмісті қанағат тұтты.

Аталмыш жарыста Қазақстан намысын 12 боксшы қорғады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары