18.03.2024, 12:40

Алматыда жеті жастағы қызын өлтірген журналиске сот үкімі шықты

EL.kz

Қыздың басынан доғал, қатты затпен соққан.

7 жасар Карина Закураеваның өліміне қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Алматы қаласы Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты өгей анасы Балжан Тұрлыбекті 20 жылға бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарды, деп жазады EL.kz.

Сот Тұрлыбек Балжанды Қылмыстық кодекстің 99-бөлімінің 3-бөлігі («Адам өлтіру») бойынша кінәлі деп танып, ол үшін 20 жылға бас бостандығынан айыру жазасын орташа қауіпсіздік мекемесінде өтеуге үкім шығарды, – делінген судья үкімінде.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Еске салайық, жеті жастағы қыз 2023 жылдың шілде айында кісі қолынан қаза тапқан еді. Күдікті ретінде өгей анасы танылған. Медициналық сараптама маманының мәліметінше, қыздың өліміне бас миының ауыр жарақаты себеп болған. Қыздың басынан доғал, қатты затпен соққан. Сарапшы бес соққы болғанын атап өтті. Бұл жарақаттарды құлаған кезде алуы мүмкін емес екені айтылды. Қайтыс болған қыздың басында жарақат әр жерінен болған.