$ 439.43  473.31  4.82

Храпуновтың иелігіндегі жедел жәрдем кешені мемлекетке қайтарылды

Ғимаратты жеке құрылымдарға шығару туралы шешімінің заңсыздығы расталды.

Фото: unsplash
Фото: unsplash

Алматы қаласының прокуратурасы Алматы қаласының бұрынғы әкімі Виктор Храпунов шығарған жедел медициналық жәрдем кешенінің бір бөлігін қайтарып алды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Прокуратураның мәліметінше, 15.02.2024 жылы Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының 27.11.2023 жылғы мүліктік жедел медициналық жәрдем кешенінің бір бөлігін жеке меншікке шығару туралы шешімді жарамсыз деп тану туралы шешімі заңды күшіне енді.

Сотта Алматы қаласының бұрынғы әкімі В. Храпуновтың ауданы 3800 м2 және 50 сотық жер (Райымбек даңғылы, 196) ғимаратты жеке құрылымдарға шығару туралы шешімінің заңсыздығы расталды, деп мәлімдеді Алматы қаласының прокуратурасы.

Нәтижесінде қадағалау органының шараларымен қаланың денсаулық сақтау саласындағы мүліктік кешеннің бір бөлігі мемлекет меншігіне қайтарылды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары