$ 442.05  474.14  4.74

Антикор «Жайлы мектеп» жобасына бөлінген ақшаны бақыламақ

Бүгінгі таңда Қазақстанда 37 апатты мектеп және 3 ауысымда оқитын 142 мектеп бар.

Фото: Антикор
Фото: Антикор

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында 2,3 трлн теңгенің игерілуіне мониторинг жүргізеді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының бірінші орынбасары Ұ.С. Сарқұловтың басшылығымен «Жайлы мектеп» ұлттық жобасын іске асыру мәселелері бойынша кеңес өтті.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет мәжілісінде уәкілетті органдардың өкілдері және басқа да мүдделі тұлғалар қатысты.

Жобаны іске асыру кезінде заңдылық пен ашықтықты қамтамасыз ету, сондай-ақ жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу мәселелерін қарады.

«Жайлы мектеп» жобасы ел дамуының басым бағыттарының бірі. Бүгінгі таңда Қазақстанда 37 апатты мектеп және 3 ауысымда оқитын 142 мектеп бар. Жобаны іске асыру шеңберінде 2025 жылға қарай 800 мың оқушы орнын қамтамасыз ету жоспарлануда.

Еске салсақ, Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2022 жылы өз Жолдауында «әрбір қазақстандық оқушының оқуы мен жан-жақты дамуы үшін лайықты жағдайлар болуы тиіс. «Жайлы мектеп» жаңа ұлттық жобасы дәл осы мақсатқа бағытталған» деп атап өтті.

Сондықтан Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет пен тиісті уәкілетті органдар үшін жұмыстағы маңызды басымдық бүкіл ел бойынша жайлы мектептер құрылысы барысын мониторингтеу болады.

Кеңес қорытындысы бойынша жемқорлық құқық бұзушылықтарға жол бермеу, сондай-ақ оларды уақтылы және сапалы салу мақсатында жауапты органдар мен «Samruk-Kazyna Construction» АҚ Ұлттық жобаны іске асыру бойынша өзара іс-қимыл алгоритмі әзірленді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары