$ 494.87  520.65  4.91

Мектеп оқушыларына ораза ұстауға бола ма? – министр жауабы

Баланың денсаулығы үшін уақытылы, сапалы, теңгерімді тамақтанудың маңызы зор.

Фото: aqmeshit-aptalygy.kz
Фото: aqmeshit-aptalygy.kz

Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова балалардың Рамазан айында ораза ұстағаны жөн бе деген сауалға жауап берді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

"Жалпы алғанда баланың ағзасы тез дамиды. Олар өте көп энергия жұмсайтындықтан, зат алмасу да жоғары. Ол жұмсалатын энергияның орнын уақытылы толтырып отыру керек. Әр ата-ана осыны бірінші кезекте түсінуі керек. Меніңше, баланың денсаулығы үшін уақытылы, сапалы, теңгерімді тамақтанудың маңызы зор", - деп жауап берді министр. 

Ведомство басшысының сөзінше, 17 жасқа дейін балалар толыққанды тамақтану қажет.

"Егер ата-ана балаға рұқсат беретін болса, өзі мұқият қарауы керек. Бұл әр ата-ананың шешімі деп ойлаймын. Бірақ белгілі бір жасқа дейін бала толыққанды тамақтануы керек деп есептеймін. Меніңше, 16-17 жасқа дейін уақытылы тамақтанғаны маңызды", - деді ДСМ басшысы.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары