$ 494.87  520.65  4.91

Сәтпаевтың бұрынғы әкіміне сот үкімі шығарылды

Сотталушылар кінәсін толық мойындап, бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны тағайындамауды сұрады.

Фото: gov.kz
Фото: gov.kz

Сәтпаев қаласының экс-әкімі шапағат Әубәкір 3,5 жылға бас бостандығынаны айырылды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Шапағат Әубәкір жолды күтіп-ұстауға тендер алуға мөмектескені үшін 10 млн теңге көлемінде пара алды деп күдікке ілінді. Сот алдында пара алған экс-әкім ғана емес, оған пара берген кәсіпкер де жауап берді.

Сотталушылар кінәсін толық мойындап, бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны тағайындамауды сұрады.

Сот сотталушылардың кәмелет жасына толмаған бар екенін ескерді. Дегенмен бұрынғы әкім теміртордан қашып құтыла алмады. Ол 3,5 жылға бас бостандығынан айырылды. Сондай-ақ өмір бойы мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан айырылды.

Сот бизнесменге 20 еселенген айыппұл, яғни 200 млн теңге айыппұл салды. Ол да өмір бойы мемлекеттік қызметте жұмыс істей алмайды. 

Сот үкімі әлі заңды күшіне енбеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары