Еліміздің басым бөлігінде ауа температурасының төмендеуі күтіледі.
«Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі 2024 жылғы 19-21 наурыз аралығына Қазақстандағы ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Синоптиктердің мәліметінше, алдағы үш тәулікте еліміздің басым бөлігіне атмосфералық фронтальды бөлімдер әсер етуіне байланысты жауын-шашын күтіледі.
«21 наурызда Қарағанды облысының оңтүстігінде түнде қатты жауын-шашын, жаңбыр мен қар жаууы мүмкін, 20 наурызда күндізгі уақытта Маңғыстау облысының батысында және оңтүстігінде, 21 наурызда Қызылорда облысында, 20-21 наурызда Түркістан облысында, 19 наурызда күндіз, 20-21 наурызда күндіз Жамбыл облысында, 21 наурызда Түркістан облысының таулы және тау бөктеріндегі аудандарында қатты жаңбыр жауады», - деп хабарлады «Қазгидрометте».
20-21 наурызда жауын-шашынсыз ауа райы Батыс Қазақстан, Атырау, Ақтөбе облыстарында, 21 наурызда Қостанай облысында күтіледі. Республика бойынша желдің күшеюі, тұман, көктайғақ, солтүстікте және орталықта бұрқасын, Қазақстанның оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында найзағай болуы мүмкін.
«Еліміздің басым бөлігінде ауа температурасының төмендеуі күтіледі. Республиканың солтүстік жартысында түнде 7-18 аязға дейін, күндіз 6 аяздан - 6 градус жылыға дейін, республиканың оңтүстік жартысында түнде 0-10 аязға дейін, күндіз 3-18 жылыға дейін біртіндеп төмендеуі күтіледі», - делінген хабарламада.