$ 494.87  520.65  4.91

«Ағамды пышақтап кетті»: Нұрболат Қанай хит әнінің шығу тарихын айтты

Балалары өте кішкентай еді.

Фото: Видеодан кадр
Фото: Видеодан кадр

Танымал әнші Нұрболат Қанайдың соңғы жазған әні тыңдарман қауымның көңілінен бірен шықты. Өнер иесі туындыны кісі қолынан қаза тапқан ағасына арнап жазған, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Жастар арасында кеңінен танылған әнші 9 жыл бұрын дүниеден озған ағасын есіне алды. 

2015 жылы Алматыда жүрген кезде, ауылдан суық хабар келді. Құлсарыда тұратын ағамды біреулер пышақтап кетіпті. Артында ата-анасы, жары, екі баласы қалды. Сол жылдар бізге өте қиын болды. Балалары өте кішкентай еді. Қазір есейді, – деп көзіне жас алды әнші.

Өнер иесінің айтуынша, “Қара бұлтың көшсін” деген әнді ағасының әйеліне арнаған. 

Ағам кеткеннен кейін, жеңгем тұрмысқа шықпады. Екі баласын өсіріп, жетілдірді. Жеңгеме ризашылығымды ән арқылы жеткізгім келді. Бұл әнде ағамның сағынышы да, соңғы сөзі де бар. Жеңге, сен бақытты болуға лайықсың!, – деді әнші. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 2
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 1

Серіктес жаңалықтары