$ 498.34  519.72  4.85

Ауызашар 90-жылдардағы дискотекаға айналып кетпеуі керек – Нұрлан имам

«Ауызашар уақыты бұл тек тамақ ішетін кез емес, бұл күнәнің төгілетін сәті» дей келе тойға айналған ауызашардың мәні мен маңызына тоқталды.

«Ораза қабыл болсын!» бағдарламасының кезекті эфирі ораза және сәресі мен ауызашардың әдептері, сауап жинау мәселесі, тойға айналған ауызашар жайына арналды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Дінтанушы тоқшылықтың қадірін, жоқшылықтың қасиеті туралы тағлымды ой айтты. «Ауызашарға кімдерді шақырған дұрыс немесе кімдердің келгені сауаптырақ?», «Ауыз бекіту дұғасын арабша айтамыз ба, қазақша айтамыз ба?» деген жиі қойылатын сұрақтарға да жауап берді.

«Ауызашар уақыты бұл тек тамақ ішетін кез емес, бұл күнәнің төгілетін сәті» дей келе тойға айналған ауызашардың мәні мен маңызына тоқталды.

Жалпы, жүз, екі жүз адамның басын қосып берілетін ауқымды ауызашарда Жаратқанды, пайғамбарды ұлықтайтын салауатты, қазақтың жыр-термелері, ән-күйлері, жарапазан немесе Құран жаттаудан жарыс, терме айтудан сайыс, Отанды сүю, тәрбиелі ғибраттар, ұлттық ойындар ойнатылса, мұнда тұрған ештеңе жоқ. Бастысы, «90-ның дискотекасы» деп арты тарсыл-гүрсілдің биіне ұласып кетпеуі керек, - деді Нұрлан Байжігітұлы.

Дереккөз: KAZINFORM 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 4
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары