20.03.2024, 13:20

Бишімбаевтың тергеу изолятордағы жағдайы басқа сотталушылармен бірдей ме?

Фото: Астана соты

Ешкімде ерекше жағдай жоқ, барлығы заңға сәйкес отыр.

Экс-министр Қуандық Бишімбаевтың изотятордағы жағдайына қатысты ақпарат белгілі болды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Экс-министр Қуандық Бишімбаевтың тергеу изолятордағы жағдайы басқа сотталушылармен бірдей ме? – деп сұрады журналистер еліміздің бас полицейінен.

Әрине, қазір қылмыстық іс бойынша сотта қаралып жатыр. Сол себепті изоляторда. Барлығы заң алдында бірдей. Ешкімде ерекше жағдай жоқ, барлығы заңға сәйкес отыр. Бізде қамаудағы камералық түрі бар. Ол бәрімен бірге, яғни камераластары бірге отыр, – деп жауап берді Ержан Саденов.