Журналистердің Мәсімов отырған колонияға кіріп, одан сұхбат алуға мүмкіндігі бар ма?
Ішкі істер министрі Ержан Саденов Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының экс-бірінші орынбасары Самат Әбішке қатысты қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы inbusiness.kz сайтына сілтеме жасап.
"Біз барлық сотталушыны көрсете алмаймыз. Ол сотталды. Бас бостандығын шектеу мекемесінде (ред. – ҚАЖ мекемесі)", - деді министр Мәжіліс кулуарында.
Тілші "Журналистердің Мәсімов отырған колонияға кіріп, одан сұхбат алуға мүмкіндігі бар ма? Неге көрсетпейсіздер?" деп сұрады.
"Оны неге көрсетеміз? Мысалы, колонияға кірудің өз рәсімі бар ғой. Адвокаттары кіре алады", - деді Ержан Саденов.