$ 443.44  480.51  4.88

Шымкентте автобус пен жеңіл көлік соқтығысты

Апат кезінде жол қиылысындағы бағдаршам жұмыс істемеген.

Фото: Pixabay
Фото: Pixabay

Жеңіл көлік пен қалааралық автобустың соқтығысуы салдарынан бес адам зардап шекті, оның екеуі бала, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Kazinform мәліметінше, оқиға Ғ. Иляев пен А. Байтұрсынов көшелерінің қиылысында болды.

Апат кезінде жол қиылысындағы бағдаршам жұмыс істемеген.

«Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Жол-көлік оқиғасына қатысушылар медициналық көмектен бас тартты. Қазіргі таңда тергеу амалдары жүргізілуде» делінген Шымкент қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметі ұсынған ақпаратта.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары