$ 494.87  520.65  4.91

Ең бақытты ел: Қазақстанның рейтингі төменге құлдырады

Биыл жетінші жыл қатарынан бұл тізімді Финляндия бастап тұр.

Фото: Pixabay
Фото: Pixabay

Біріккен Ұлттар Ұйымы 20 наурызды Халықаралық бақыт күні деп белгілеп, жылда осы күні әлемнің ең бақытты елдерінің рейтингі көрсетілген баяндама жариялайды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Зерттеу жұмыстары Колумбия Университетінің  маңындағы «Жер» институтында БҰҰ қолдауымен жүргізіледі. Жобаның мақсаты – әлем елдерінің жетістіктерін және әр аймақта жергілікті халық үшін өмір сүруге қаншалықты тиімді жағдай жасалғанын көрсету.

Биыл жетінші жыл қатарынан бұл тізімді Финляндия бастап тұр. Үздік үштіктің қатарын Дания мен Исландия елдері  толықтырды.

Орта Азия елдерінен  Өзбекстан 47-орынға тұрақтап, Қазақстаннан екі саты жоғары тұр. Қазақстанның көрсеткіші 2022 жылмен салыстырғанда 9 сатыға төмендеген, яғни  40-орыннан 49-ға жылжыды. Ал көршілес  Ресейге 72-орын бұйырған. Рейтингте АҚШ 8 сатыға төмендеп, Израиль 5-орынға көтерілген.

Рейтингті дайындау барысында әр елдің халықтың жан басына шаққандағы ЖІӨ деңгейі, өмір сүру ұзақтығы, азаматтық бостандықтарының болуы, қауіпсіздік пен болашаққа сенімділігі, отбасының тұрақтылығы, жұмыс қауіпсіздігі сияқты әл-ауқаттың көрсеткіштері ескеріледі.

Сондай-ақ сыбайлас жемқорлықтың деңгейі де есепке алынады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары