Осы тергеп-тексерулер бойынша басқа да мәліметтер тергеп-тексерудің, сондай-ақ азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін сақтай отырып, жұртшылыққа жеткізілетін болады.
Бас прокуратура Ішкі істер экс-министрі Ерлан Тұрғымбаевты және полиция органдарының басқа да басшыларын қылмыстық қудалау туралы түрлі Telegram-арналарда таратылған ақпаратқа қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Айта кетейік, 2022 жылдың басынан бастап Бас прокуратура қаңтар оқиғалары кезеңінде құқықтық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз етпеуге, сондай-ақ азаматтарға азаптауды қолдануға байланысты күш органдарының қызметкерлеріне қатысты тергеп-тексерулерді жалғастыруда.
Оларды жасағаны үшін соттармен облыстық полиция және ұлттық қауіпсіздік органдарының бірқатар басшылары мен қызметкерлері сотталды. Жүргізіліп жатқан тергеп-тексерулер шеңберінде Ішкі істер экс-министрі Е.Тұрғымбаевтан жауап алынды», - делінген Бас прокуратураның ақпаратында.
Бас прокуратура Алматы облысы Қарасай ауданы Қошмамбет ауылында орналасқан арнайы қабылдау жағдайында ұсталған азаматтарға азаптауды қолдану туралы іс бойынша дәлелдемелер жинаған.
2024 жылдың 16 наурызында осы қылмысты жасағаны үшін Қарасай ауданының арнайы қабылдау орыны және полиция басқармасының бұрынғы басшылары қамауға алынды. Бұдан басқа, қызметтік атыс қаруын ұрлау фактілері бойынша Талдықорған қаласы полиция басқармасының бұрынғы басшылығына қатысты тергеп-тексеру жалғасуда, - делінген қадағалаушы органның баспасөз қызметінің хабарламасында.
Осы тергеп-тексерулер бойынша басқа да мәліметтер тергеп-тексерудің, сондай-ақ азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін сақтай отырып, жұртшылыққа жеткізілетін болады.