Республика бойынша 22 мыңнан астам полиция қызметкері мен Ұлттық ұланның әскери қызметшісі қызметке кіріскен.
Наурыз мейрамын тойлау кезінде еліміздің тәртіп сақшылары қызмет өткерудің күшейтілген нұсқасына көшті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
ІІМ баспасөз қызметінің мәліметінше, республика бойынша 22 мыңнан астам полиция қызметкері мен Ұлттық ұланның әскери қызметшісі қызметке кіріскен. Сонымен қатар жедел басқару орталықтарының бейнебақылау жүйесі арқылы мерекелік іс-шаралар өткізілетін орындарда бақылау күшейтілді.
Жалпы, бүгінде ІІМ қоғамдық тәртіп пен жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету шараларын күшейтіп жатыр.