$ 442.05  474.14  4.74

Кәрім Мәсімовтың орынбасары бостандыққа шықты

Марат Осипов 2022 жылғы қаңтарда мемлекеттік төңкеріс жасау әрекетін ұйымдастырды деген айыппен сотталған болатын.

Фото: kaztag.kz
Фото: kaztag.kz

Кәрім Мәсімовтің үш орынбасарының бірі Марат Осипов бостандыққа шығып үлгерді, деп хабарлайды  Skifnews.kz ақпарат порталы Nege.kz  ақпараттық телеграм қаналына сілтеме жасап.

Белгілі болғандай, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы төрағасы Кәрім Мәсімов пен оның үш орынбасары: Дәулет Ерғожин, Әнуар Садықұлов және Марат Осипов 2022 жылғы қаңтарда мемлекеттік төңкеріс жасау әрекетін ұйымдастырды деген айыппен сотталған болатын.

Осы төрт қауіпсіздік қызметкерінің ішінде тергеуге көмектескені үшін жазаның ең қысқа мерзімін Марат Осипов алды. Ол Қылмыстық кодекстің 362-бабының 3-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған 3 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды және мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан айырылды.

Енді жазасының белгілі бір уақытын өтеген бұрынғы қауіпсіздік қызметкері қалған уақытын айыппұлмен алмастыру арқылы босатылды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары