$ 494.87  520.65  4.91

«Қазтеміртранс» АҚ директорлары 7 жылға сотталды

Астана қаласының МКД жанама салықтарды әкімшілендіру басқармасы аудит бөлімінің басшысын әшкерелеп, 36 млн теңге ҚҚС-ны қайтару бойынша оң шешім қабылдағаны үшін кәсіпкерден 3,6 млн теңге пара талап еткен.

Фото: zakon.kz
Фото: zakon.kz

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің негізгі міндетінің бірі – бизнесті қорғау. Осы мақсатта Антикор кәсіпкерлерді әкімшілік кедергілерден қорғау үшін «Бизнеске жол» жобасын іске асырып жатыр, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

«Бизнеске жол» жобасы іске қосылған сәттен бастап Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің ұсынымдары бойынша 600-ден астам проблемалық кейстер шешіліп, 30 мыңға жуық кәсіпкерге көмек көрсетілді. Жоба аясында бизнес үшін жүйелі кедергілерді жоюға ерекше назар аударылады. Олардың ең көп саны жер қатынастары, салық салу, мемлекеттік сатып алу және инфрақұрылым объектілеріне қосылу салаларында анықталды. Мысалы, Ақтөбе облысында Aqtobe su-energy group АҚ монополисі кәсіпкерлерден электр қондырғыларын бірлесіп пайдалануға шарт жасасуды талап еткен. Соның салдарынан 45 кәсіпкер ай сайын 50 мың теңгеден (жалпы сомасы 2,2 млн теңге) төлеуге міндетті болған, – делінген хабарламада.

Осылайша, монополист бизнес есебінен өзінің электр желілерін жөндегісі келген. Талаптарды орындамаған жағдайда электр энергиясын беруді тоқтату көзделген. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Ақтөбе облысы бойынша департаментінің ұсынысы бойынша негізсіз міндеттемелер алынып тасталды.

Жекелеген жағдайларда лауазымды адамдардың іс-әрекеттері қылмыстық құқықбұзушылыққа әкеп соқтыратынын, мұндай жағдайларда қылмыстық-құқықтық сипаттағы шаралар қабылданатынын атап өткен жөн.

Мәселен, агенттік бизнесті қорғау бойынша Астана қаласының МКД жанама салықтарды әкімшілендіру басқармасы аудит бөлімінің басшысын әшкерелеп, 36 млн теңге ҚҚС-ны қайтару бойынша оң шешім қабылдағаны үшін кәсіпкерден 3,6 млн теңге пара талап еткен. Ол ақшаны алғаннан кейін ұсталып, соттың санкциясымен ҚР ҚПК-нің 147-бабына сәйкес қамауға алынды. Оның әрекеттеріне қорытынды бағаны сот береді, – делінген Антикор хабарламасында.

Бұдан басқа, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет бизнесті қорғау бойынша қабылданып жатқан шаралар шеңберінде «Қазтеміртранс» АҚ (Қазақстан Темір Жолының еншілес кәсіпорны) филиалдарының басшыларымен заңсыз байытудың жемқорлық схемасын ашты. Олар жүк вагондарының тапшылығын пайдалана отырып, жүк вагондарын кедергісіз және жеделдетіп бергені үшін кәсіпкерлерден жүйелі негізде пара алған.

Сот үкімімен «Қазтеміртранс» АҚ Ақмола және Қарағанды филиалдарының директорлары бірнеше рет пара алғаны үшін кінәлі деп танылып, 7 жылға бас бостандықтарынан айырылды. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары