Қарсыластың тактикалық құрылымын дөп басу қажет.
Грекия мен Қазақстан құрамалары 2024 жылдың 21 наурызында Ұлттар лигасының плей-офф кезеңінің жартылай финалдық кезеңінде қарсы ойнайды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Грек ақпарат құралдарының хабарлауынша, ойын Афинадағы «OPAP Arena» стадионында өтеді. Стадионға 31 мыңнан астам адам сыяды, жабын түрі - табиғи шөп.
Құрлық біріншілігінің финалдық кезеңіне соңғы үш жолдаманы сарапқа салатын шағын турнирге 12 команда қатысады.
Плей-оффқа қатысушылар 2022-2023 жылғы Ұлттар лигасының нәтижелері бойынша анықталады (А, В және С лигаларындағы топ жеңімпаздары немесе олардан кейінгі командалар).
Қазақстан ұлттық құрамасының бас жаттықтырушысы Магомед Адиев Ұлттар лигасы плей-офф кезеңінің жартылай финалында Грекия командасымен өтетін матчқа шақырылған ойыншыларының кеңейтілген тізімін жариялады.
Фото: Қазақстан футбол федерациясы
Жалпы тізімге 33 футболшы енді.
Қақпашылар: Игорь Шацкий («Шахтер»), Бекхан Шайзада («Ордабасы»), Данил Устименко («Қайрат»), Александр Заруцкий («Астана»);
Қорғаушылар: Сергей Малый, Темірлан Ерланов (екеуі де – «Ордабасы»), Роман Асранкулов, Руслан Валиуллин, Еркін Тапалов (бәрі – «Тобыл»), Марат Быстров, Александр Марочкин, Тимур Досмағамбетов, Ян Вороговский (бәрі – «Астана»), Бағдат Қайыров, Әділхан Таңжарықов (екеуі де – «Актобе»), Нұралы Әліп («Зенит», Ресей), Лев Скворцов («Химки», Ресей), Александр Зуев («Арсенал», Ресей);
Жартылай қорғаушылар: Асхат Тағыберген, Самат Жарынбетов (екеуі де – «Ордабасы»), Рамазан Оразов, Максим Самородов, Арман Кеңесов (бәрі – «Актобе»), Бактиер Зайнутдинов («Бешикташ», Түркия), Әділет Садыбеков («Қайрат»), Исламбек Қуат, Абзал Бейсебеков (екеуі де – «Астана»), Ислам Чесноков (екеуі де – «Тобол»);
Шабуылшылар: Абат Айымбетов («Адана Демирспор», Түркия), Эльхан Астанов, Владислав Прокопенко, Рамазан Кәрімов (бәрі – «Астана»), Иван Свиридов («Елімай»).
Қазақстан ұлттық құрамасының қорғаушысы Нұрәлі Әліп Еуропа чемпионатына іріктеу ойындары аясында Грекияға қарсы ойынға қатыспайды. Ол өткенде Словенияға қарсы өткен мачта алған сары қағаздың кесірінен алдағы ойыннан шеттетіліп отыр.
Фото: Қазақстан футбол федерациясы
Аталмыш ойынға қатысты Ұлттық құрамының бас бапкері төмендегідей пікір білдірді.
«Біздің бапкерлік штабтың басты мақсаты – қарсыластың қалай ойнайтынын дұрыс болжап білу. Өйткені Грекия ойын жүйесін жиі ауыстыратын команда. Қарсыластың тактикалық құрылымын дөп басу қажет. Құрамына келер болсақ, Грекияның қатарында біраз мықты футболшы бар. Мысалы, Цимикас. Алайда, менің назарымда бәрінен бұрын бас бапкері Густаво Пойет. Пойеттің «тістегіш» команда жасақтап жатқаны байқалады», - деді Магомед АДИЕВ.
Фото: meta-ratings.kz
Бас төреші - нидерландтық Данни Маккели. Оған отандастары Хессел Стеегстра мен Ян де Врис көмекшілік жасайды. Қосалы төреші де - сол елдің өкілі Аллард Линдхаут.
Фото: kazfootball.kz
Шешуші ойынды 21 наурыздан 22-не қараған түні сағат 00:35-те "Qazaqstan" және "Qazsport" телеарналарынан тікелей эфирден көруге болады.
Ең қызығы, 20 жыл өтсе де адамдардың көбі Грекияны әлі де Еуропа чемпиондары ретінде қабылдайды. Бірақ ондай сенсациялық нәтиже көрсеткен эллиндіктерден олардың қазіргі буынының айырмашылығы жер мен көктей.
Бұдан бөлек, долларлы миллиардер Тимур Турлов Қазақстан құрамасына Грекияны ұтқан жағдайда 100 миллион теңге сыйақы беретінін айтты. Ол Қазақстан футбол федерациясының атқару комитетіне мүшелік етеді.
Болжам: Грекия – осы кездесудің сөзсіз фавориті, бірақ Қазақстан құрамасы мінезі қайсарлы әрі алыспай беріспейтінін әлдеқашан дәлелдеп қойған команда. Сондықтан сарапшылардың болжамы – 3.30 коэффициентпен “Қазақстан жеңілмейді”. Әйтсе де қандай жағдай болмасын Ұлттық құрамаға соңына дейін жанкүйер болайық.